• Тарих

Семей су жолдары тарихы

Республикалық маңызға ие Семей су жолдары қазыналық кәсіпорнының тарихы 1938 жылдан бастау алады. ССРО Совнарком бұйрығы бойынша Семей қаласында Объ-Ертіс бассейіндік жол басқармасына бағынышты техникалық жол учаскесі құрылды.

        1962 жылы Главречфлоттың 14 тамыздағы № 82 бұйрығы бойынша Семей техникалық учаскесі негізінде жеке кәсіпорын – Жоғарғы-Ертіс бассейіндік жол басқармасы (ВИБУП) құрылды. Бұл мекемеге жалпы ұзындығы 1964 шақырымға созылған келесі су жолдары берілді:

 

•  Қара Ертіс өзені ҚХР-дың Бутчума қаласынан Зайсан көліне дейін

•  Зайсан көлі, сол кезде жаңа толтырылып жатқан Бұқтырма су қоймасымен

•  Өскемен суқоймасы

•  Өскемен қаласы. Ертістен бастап Ресейдің Клин поселкесіне дейін.

        Сондай-ақ екі шлюз: Бұқтырма өзенінен 4 камералы, бір камералы Өскемен шлюздері. Шлюздерге қызмет көрсету үшін Өскемен гидроқұрылыстар ауданы құрылды. Су жолдарын игеруге байланысты кәсіпорын балансында үш пароход, 20 теплоход, үш кран, екі дизельді-электрлі, жеті бумен пайдаланылатын тоғыз жерснаряд болды. Сондай-ақ, бұлардан өзге алты көмір таситын баржа, сегіз мұнайға арналған баржа, 11 брандкүзеттер берілген. Төрт брандкүзеттерде арналық партиясы орналасты да, қалғанын жерснаряд командасы иеленді.

        Су жолдары қарауыл бекеттерімен бақыланатын. Жалпы 212 постылар осы игілік жолында пайдалануға берілді, олар 1593 жағалық және 2367 жүзбелі белгілерге қызмет көрсетті.

        Мұнымен қоса су жолының 1752 шақырымы жарықпен қамтамасыз етілді. Жол белгілерін айқындау үшін кей жағдайларда керосин лампалары да қажетке жаратылды.

        Өскемен қаласынан бастап Клин поселкесіне дейінгі кепілдендірілген тереңдіктің мөлшері мынадай:

•  Өскемен-Семей – 105 см

•  Семей-Семияр – 110 см

•  Семияр-Павлодар – 130 см

•  Павлодар-Клин – 170 см

        Ең жиі пайдаланылатын су жолдарының ерекшелігі әсіресе Шүлбі шлюзы-Майтөбек арасындағы учаскеде табалдырықтардың болуы. Бұл екі аралық учаскеде 35 тасты түбі бар қайраңдар тіркелінген. Ең қауіпті Бабье, Первомай, Жаңа-Семей, Белокаменск, Известковск, Семибратск, Грачевск қайраңдары болып саналады.

        Ел экономикасының өркендеуімен бірге бұл кәсіпорын да дами түсті. 1975 жылға қарай су жолының қауіпті деген жер асты бөліктеріне күш жұмсалынды. Жартастар тегістелінді. Осының себебінен кепілдендірілген тереңдік 130 см жетті. Бұл баржалардағы жүк мөлшерін арттыруға мүмкіндік берді. Осылайша Семей-Павлодар бағытындағы су жолы кеңейіп, көлік қатынастары арта түсті. Сонымен қатар Өскемен учаскесіндегі осы аттас шлюз маңайына қарасты порт жағажайындағы су тереңдігі 210 см болды. Бұл Өскемен және Бұқтырма су қоймаларына қатынайтын су көліктеріне кең жол ашып берді.

        1985 жылы кепілдендірілген габариттер тереңдігі мына мөлшерді қамтыды.

•  Боран (ҚХР) -Қара Ертіс сағасында – 100 см

•  Өскемен-Бұқтырма суқоймалары – 200 см

•  Өскемен шлюзі-Өскемен порты – 210 см

•  Өскемен-Семей – 105 см

•  Семей-Май – 145 см

•  Май-Павлодар – 155 см

•  Павлодар-Клин – 190 см

        Бұл кезеңдерде барлық су жолындағы бекеттер электрлендіріп, бригадалық тәсілмен жұмыс істеуге көшкен болатын. Бұл тәсіл теплоходтардың көбеюіне байланысты қалыптасты. Жаңа су көліктерінің келуімен ескілері қатардан шығарыла бастады. Ең соңғы пароход «Челюскин» 1974 жылы жұмыс істеуін тоқтатса, ең соңғы жерснаряд 1981 жылы қызметін доғарды.

        90-шы жылдары кәсіпорынның техникалық флоты жалпы техникалық өнімділігі 3300 сағ/м 3 құрайтын 11 жерснаряд бірлігінен және 2 карч крандардан құрады. Жыл сайын кеме жүзу маусымында өздігінен жүретін флоттың 55 бірлігі іске тартылатын (тіркеп-сүйрейтін және жол теплоходтары). Арнаның қайта қалыптасуын зерттеу үшін және жер қазу, сонымен қатар тегістеу жұмыстарды жоспарлау үшін 7 арналық партиялар өз қызметін атқарды.

        1996 жылы ҚР Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорындар» жөніндегі 1995 ж. 19 маусымда күшіне еңген № 2335 Жарлығына және ҚР Үкіметінің 1996 ж. 25 маусымдағы «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар тізімі туралы» № 790 Қаулысына сәйкес Жоғарғы-Ертіс бассейіндік жол басқармасы үш жеке кәсіпорын болып қайта қалыптасты. Олар Өскемен, Семей және Павлодар қалаларында орналасты.

        Жоғарғы-Ертіс бассейіндік жол басқармасының бүгінгі жалғасы болып табылатын Семей бөлімі Республикалық мемлекеттік қазыналық Семей су жолдары кәсіпорыны болып аталады.