• Іс-әрекет

Ертіс  өзенінің кеме жүзетін су жолдарындағы жумыстар

Кәсіпорын, ұзындығы 320,5 шақырымға созылған Шүлбі шлюзінен Майтөбек елді мекенге дейін қызмет көрсетілетін учаскеде кеме жолдарының кепілдендірілген және сараланған көлемдерін қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

 

Кепілдендірілген габариттер
Наименование участка Протяженность участка, км Глубина, см Ширина, м Радиус закругления, м
Шульбинский шлюз - Семей 76,5 105 40 150
         
Семей - Майтубек 213 145 50 200

 

Республикалық мемлекеттік қазыналық Семей су жолдары кәсіпорынның қызметі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің Жарғысымен айқындалады, сонымен қатар Шүлбі шлюзінен Майтөбек елді мекенге дейін шекарада кемелер мен құрамдардың қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында Ертіс өзеніндегі кеме қатынасы су жолдарын тиісті түрде ұстау және дамыту үшін өндірістік қызметті жүзеге асыру Кәсіпорын қызметінің мәні болып табылады.

 

Алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін мынадай функцияларды атқарады:

  • Қызмет көрсетілетін су жолдарында навигациялық белгiлердi орнатып және оларды күтіп ұстау;
  • Түбiн тереңдету және тазалау жұмыстар;
  • Пайдаланылатын су жолдарында кеме қатынасы жағдайын жүйелі жақсарту;
  • Жобалау–iздестіру, топографиялық, картографиялық және зерттеу жұмыстарын орындау;
  • Гидротехникалық құрылыстарды салу (бөгетшелер, бөгенiстер, шпоралар, өзен жағасын нағайтатын құрылыстар, жағалықтар), жөндеу жүргізу мен салуды және оларды жұмысқа жарамды жай-күйде ұстау;
  • Флотты жөндеу, кеме жөндеу жұмыстарын жүргізу;
  • Кеме қатынайтын су жолдары мен гидротехникалық құрылыстарды күтіп ұстауды және дамытуды қамтамасыз етуге арналған керек-жарақтар мен мүлікті дайындау және жөндеу;
  • Тегістеу құрылыстарын салу үшiн құм-қиыршықтас қоспаларын дайындау және тасымалдау;
  • Кеме иелерiне кеме қатынасының көлемі туралы және жол жағдайларының өзгеруі туралы ақпараттық хабар беруді;
  • Ссу алабының ластануына жол бермеу жөнінде іс- шаралар жүргізу;
  • Су жолдарының қызмет көрсетілетін учаскесінің айдынында траль жұмыстарын жүргiзу;
  • Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарына айдын мен жағалаулық алап шегінде жүк көтеру тетіктерін және басқа техникалық флотты пайдалану арқылы жұмыстарды iстеу;
  • Құтқару құралдарды сынақтан өткізу;
  • Кеме жүзу маусымы аяқталған кезiнде флотты қысқы тұраққа орналастыру.
  • Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарына айдын мен жағалаулық алап шегінде жүк көтеру тетіктерін және басқа техникалық флотты пайдалану арқылы жұмыстарды iстеу;
  • Құтқару құралдарды сынақтан өткізу;
  • Кеме жүзу маусымы аяқталған кезiнде флотты қысқы тұраққа орналастыру.

 

Жол жұмыстар

Кеме жолының шамалы габариттерінде навигациялық белгілердің тығыз орналасуына және қайраңдардың саны зор болуына байланысты Шүлбі шлюзінен Майтөбек елді мекенге дейінгі учаске кеме қатынасының қиын өтетін учаскесі болып табылады. Кеме қатынасының күрделілігіне қалыптасқан гидрологиялық шарттар себепші. Ағыстың жылдамдығы (сағатына 15 км дейін), арнада тасты табалдырық пен қойтастардың болуы, сонымен қатар Шүлбі су электростанциясы қызметінің нәтижесінде пайда болатын су деңгейінің тәуліктік тербелістері кеме қатынасына теріс әсерін тигізеді. Жалпы учаскеде қайраңдардың саны-94, оның ішінде 35 қайраңның түбі тасты. Навигациялық белгілердің орташа тығыздығы 1 км 2,5 белгіні құрайды, ал ең жоғары шегі-5,3 белгі (7,2 км созылған Төменгі және Жоғарғы Белокаменский қайраңдарында 38 белгі орнатылған).

Шүлбі бөгетінен Майтөбек аралығындағы учаске бойынша кеме қатынасын жақсарту, қолдау үшін жол жұмыстар кешені жоспарланды, оның ішіне жер қазу, тегістеу, өзен түбін тазарту және навигациялық құрал-жабдықтар белгілерін орнату (алу), қызмет көрсету жұмыстар кіреді. Кәсіпорынның арналық партияларымен жүзеге асатын арналық іздестіру негізінде жол жұмыстар жоспары әзірленеді.

 

Навигациялық құрал-жабдықтар белгілерін орнату (алу) және қызмет көрсету

Шүлбі шлюзы – Майтөбек аралығындағы учаскеде кеме жүзу маусымы 25 сәуірде ашылып 2 қарашаға дейін жалғасады. Кеме жүзу маусымының ұзақтығы 192 тәулік. Осы кезең бойы қызмет көрсетілетін учаскеде кеме қатынасы жағдайының навигациялық белгілері орнатылады. Шүлбі – Майтөбек аралығындағы учаскеде орнатылған белгілердің жалпы саны 790 құрайды, оның ішінде: 230 жағалық және 545 қалқыма белгілер.

 

В паводок береговая обстановка выставляется на 100%, а плавучая - по весенней схеме (в лоцманских картах обозначены знаком «в»). Полная меженная обстановка должна выставляться на участке Шульбинск – Семипалатинск при достижении глубин на перекатах 140 сантиметров, а на участке Семипалатинск – Майтубек при достижении глубин на перекатах 180 сантиметров.

 

Көктем тасқынында жағалық белгілер 100 пайыз көлемінде, ал қалқыма белгілер - көктемгі сорап бойынша орнатылады (лоцмандық картада «в» белгісімен белгіленген).

Шүлбі-Семей учаскенің қайраңдарында өзен тереңдігі 140 см , ал Семей–Майтөбек қайраңында 180 см жеткенде навигациялық белгілер толық көлемінде орнатылады.

Навигациялық белгілерге келесі ахуалды кемелермен қызмет көрсетіледі:

  • «Қайнар» т/х – Шүлбі шлюзінен Жоғарғы Каштак қайраңына дейін;
  • «Барыс» т/х – Төменгі Каштак қайраңынан Затон қайраңына дейін;
  • «Плес» т/х – Затон қайраңынан Соколинский қайраңына дейін;
  • «Путейский-1» т/х – Могонов қайраңынан Төменгі Құлынды қайраңына дейін;
  • «Путейский-5» т/х – Жоғарғы Долон қайраңынан Жоғарғы Известковский қайраңына дейін;
  • «Буран» т/х – Орташа Известковский қайраңынан Жоғарғы Бра-Вус қайраңына дейін;
  • «Путейский-8» т/х – Орташа Бра-Вус қайраңынан төменгі Төменгі манантай қайраңына дейін.

 

Жер қазу жұмыстар

Жер қазу жұмыстар кеме жолының габариттерін қолдау үшін және кеме қатынас жағдайын жақсартуға бағытталған. Жұмыстар навигация бойы техникалық өнімділігі 210 сағ/м 3 құрайтын екі көпожаулы жерснарядпен және техникалық өнімділігі 60 сағ/м 3 құрайтын қалқыма грейферлiк кранымен атқарылады.

Техникалық флоттың негізгі бірлігінен басқа көмекші флоттың 10 бірлігі іске тартылады, олар: құаттылығы 300 а.к. құрайтын екі теплоход-шаландышы, жерснаряд командысының тұрмысына арналған екі брандкүзеттер және сыйымдылығы 110 м3 құрайтын төрт шаланды. Грейфер кранның жұмысында баржа-алаңша пайдаланылады. Жерснаряд пен кранды құаттылығы 600 а.к. құрайтын «БТК-630» буксир теплоходы тіркеп сүйрейді.

 

 

Тегістеу жұмыстар

Тегістеу жұмыстарды атқару үшін техникалық өнімділігі 60 м 3 /сағ. құрайтын қалқымалы грейферлік кран іске қосылды. Қажеті келгенде техникалық өнімділігі 210 сағ/м 3 құрайтын көпожаулы жерснарядта іске тартылады.

Жоспардағы тегістеу жұмыстардың түрлері: қаптал тізбегін тегістеу, жартылай бөгеністер, бөгеттер және өзен жағасын нығайту құрылыстар орнату, ағынша бағыттағыш бөгетшелер мен шпораларды жөндеу. Салынған барлық құрылыстар жеңіл және уақытша әрекет жасайды. Осы тегістеу құрылыстар жергілікті топырақтан үйіледі. Бұл құрылыстар ұзақ мерзімді болмаса да, бірақ жақсы жағы да бар, олар: тез және жеңіл үйіледі, толық механикаландырылған, осының арқасында құрылыстар өзінің бағытын өзгерте алады.

Все возводимые выправительные сооружения легкого типа и кратковременного действия. Отсыпаются выправительные сооружения из местного грунта – гравийно-песчаная смесь и галька. Такие сооружения хоть и не являются долговременными, но имеют ряд достоинств: быстрота возведения, полная механизация, достаточная эластичность конструкции, благодаря чему сооружения могут изменять свой профиль, следуя деформации русла реки.

 

Түбін тазалау жұмыстар

Түбін тазалау жұмыстардың негізгі мақсаты - өтіп бара жатқан кемелерге қауіп келтіретін кедергілерді алып тастау, сонымен қатар кеме жолын және оған тиіп тұрған учаскені тазарту. Осы кедергілерге темір сынықтар, темір-бетонды блоктар, үлкен тастар және тамырымен суға батқан ағаштар жатады. Кедергілер көктем тасқыны мен сең жүруде пайда болады. Кедергілер, жүк көтеру қабілеті 10 тоннаны құрайтын, кран құрылғысы бар арнаулы кемемен жиналады және қосымша жабдықтар іске тартылады. Кеме жолдары тасқыннан кейін тез арада тексеріліп, қажетіне қарай өлшеу және траль жұмыстары жүргізіледі.

Жаға алқабын тазалау жұмыстар кеме жолының тазалығын қамтамасыз ету бойынша профилактикалық шаралар болып табылады. Сайып келгенде бұл шайылған жарлардан ағаштарды жинау.

 

 

ІЗздестіру жұмыстар

Арналық ізденістер жол жұмыстардың негізіне жатады. Бұл жұмыстар арнаның қайта қалыптасуын талдау үшін, жол жұмыстарын дұрыс, сауатты жоспарлау, сонымен қатар лоцман картасын жасау және түзету үшін арналған. Іздестіру, зерттеу жұмыстарды іске асыру үшін кәсіпорында екі арналық партиялар өз жұмысын атқарады. Осы партиялар адам тұратын каютамен, ас бөлмесімен, санитарлық және тұрғын бөлмелерімен, кают-компаниямен және сызатын бөлмемен жабдықталған өздігінен жүрмейтін брандкүзетте орналасады. Жұмыс барысында стационарлық қозғалтқышы бар темір қайықтар мен КПМ катері пайдалануда. Өзен тереңдігін эхолотпен өлшейді.

 

Флот

Республикалық мемлекеттік қазыналық Семей су жолдары кәсіпорынның балансында техникалық флоттың 29 бірлігі бар, оның ішінде:

  • 2 жерснаряд
  • 2 қалқыма кран
  • 7 ахуалды теплоходтар
  • 1 көмекші-жүріп-тұратын кеме
  • 4 тіркеп сүйрейтін теплоход
  • Көмекші флоттың 13 бірлігі

2005 жылы мемлекеттік техникалық флотты жаңарту және жетілдіру бағдарламасы бойынша флоттың 6 бірлігі сатып алынды.

  • «Қайнар», «Барыс» жол теплоходтары;
  • Жүк көтеру қабілеті 10 тоннаны құрайтын өздігінен жүретін ККС-1 карч кран;
  • «Алмас» теплоход-шаландышы, құаттылығы 450 а.к.;
  • Құрғақ қоқыс және тұрмыстық кір суларды жинауға, келесіде қайта өндеуге арналған құралмен жабдықталған өздігінен жүрмейтін 183 ВМ жобалы тазартқыш кеме
  • Кеме командалардың тұрмысына арналған «Арай» брандкүзеті

 

 

 

Жөндеу-механикалық шеберхана

 

Слесарлық-механикалық учаске, электр цехі, балташы цехі, құтқару құралдарды сынақтан өткізетін учаске және флотты қысқы тұраққа орналастыруға орын кіретін Тихомир затонындағы жөндеу-механикалық шеберхана кәсіпорын кемелерінің негізгі базасы.

Кеме қатынас Тіркелімінің рұқсаты бойынша төмендегі жұмыстар іске асады:

  • Корпус құрылымдары мен қозғаушы-меңгерік кешенді ауыстыру және жөндеу;
  • Мотоқайықтардың қозғалтқыштары мен дизельді ағымдағы жөндеу;
  • Кеменің негізгі элементтерін өзгертпей, кемені жетілдіру және қайта жабдықтау бойынша техникалық жобаларды орындау;
  • Өздігінен жүретін кемелердің байланыс аппараттарын жөндеу және оларға қызмет көрсету;
  • Құтқару құралдарды сынақтан өткізу.