Су көлiгi үшiн кеме жүретiн шарттарды жақсарту - бiздiң жұмыс

    Қазақстан Республикасының  табиғи байлықтары аса мол ұланғайыр аумақты алып жатыр. Сол байлықтың бірі – Ертіс өзені.

     

    Ертіс – еліміз бойынша аса үлкен маңызға ие су жолы магистралі болып табылады. Өзен көлігі Шығыс Қазақстан облысының, сонымен қатар Павлодар облысының да экономикасының өрлеуіне қомақты үлес қосып келеді.

     

    Су жолы көліктеріне теміржол, әуе транспорты және автомобиль жолдарымен салыстырғанда көп шығын кетпейді, олардың бірі:

     

    • тасымалдаудың  өзіндік құнының төмендігі;
    • отын мен жанар-жағармай да әлдеқайда аз жұмсалынады;
    • ақша қаражаты да аз жұмсалынады.

            Ертіс өзені үлкен шаруаларды атқаруға мүмкіндіктер береді. Біздің кәсіпорынымыз да өзен игілігін пайдаланып, аталмыш шараларды жүзеге асыру мақсатында елеулі күш жұмылдыруда.

     

    Егер  Жоғарғы Ертістегі өзен көлігінің болашағы және  біздің тарихымыз қызықты болса немесе көлемді және габаритті жүкті тасымалдау жөнінде ұсыныстарыңыз болса  Біздің Сайтымызға хош келдіңіздер!

     

    Жаңалықтар

    Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру

    01 апреля 2015, 14:50
    Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басты бағытының бірі су көлігі саласында Қазақстан секторында Каспи теңізі айдынында және ішкі су жолдарында кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамассыз ету.